Алтай ауданында сорғы станциясы тәулік бойы жұмыс істейді

12 Сәуір 2024, 13:46
425
Бөлісу:
Алтай ауданында сорғы станциясы тәулік бойы жұмыс істейді
Фото: ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Алтай ауданында болған ШҚО әкімі Ермек Көшербаев ауданда жұмыс істеп тұрған карьердан суды сору станциясының жұмысымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұрынғы кен орнындағы қалдық және артық суды шығарып отырған аталмыш станция 2010 жылы іске қосылған.

Айта кетсек, кен орнының жұмысы тоқтатылғаннан кейін, карьерде су жиналып, жағын көл пайда болған. Жергілікті мекенге қауіп төнбес үшін су мөлшері қауіпті деңгейден асқаннан кейін, сорғы станциясы іске қосылып, артық суды ағызып отырады.

Қазіргі су тасқыны кезеңінде қауіптің алдын-алу үшін сорғы станциясы тәулік бойы жұмыс жасап тұр. Одан бөлек жергілікті әкімдік бөгет салып, су өткізуші құбыр орнатқан. Сондай-ақ, алдағы уақытта қосымша станция салу жоспарын немесе су өткізуші жер асты канал салу жұмысын ойластырмақ.

Өзгелердің жаңалығы