Алтай ауданында «Мерген» бейнебақылау камералары іске қосылды – ШҚО

Бүгiн, 01:14
133
Бөлісу:
Алтай ауданында «Мерген» бейнебақылау камералары іске қосылды – ШҚО
Фото: baq.kz

Алтай ауданында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Мерген» бейнебақылау жүйесі орнатылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Цифрландыру қазіргі қоғамның барлық саласына еніп, оның қажеттілігі арта түсуде. Бейнебақылау жүйесінің енгізілуі – қоғамдық қауіпсіздікті арттырудың тиімді шешімдерінің бірі. Осыған байланысты «Цифрлық Шығыс» жобасы аясында Алтай ауданында бейнебақылау камералары орнатылуда. Бұл жүйе:

  • Қала тұрғындарының қауіпсіздігін арттыруға көмектеседі;
  • Құқық қорғау органдарының жұмысын жақсартады;
  • Қаланың коммуналдық қызметтеріне көшелердің тазалығын бақылауға мүмкіндік береді;
  • Ата-аналар мен мұғалімдерге балалардың тәртібін бақылауға жағдай жасайды.

Қазіргі таңда Алтай қаласында 17 «Мерген» аппараттық-бағдарламалық кешені орнатылды. Бұл жаңа жүйе жетілдірілген техникалық сипаттамаларға ие. Жалпы, 370 камера орнату жоспарланған, оның ішінде 135-і айналмалы, 240-ы бекітілген камералар.

Алтай ауданы әкімінің орынбасары Зангар Шаухин мен «Satory Company LTD» компаниясының өкілдері бейнебақылау жүйесін орнату бойынша жиналыс өткізді. Кездесу барысында негізгі мақсаттар мен міндеттер талқыланып, тұрғындарға жаңа жүйенің маңыздылығы түсіндірілді.

Алтай аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Денис Еримбесов тұрғындармен кездесуде бұл жүйенің құқық қорғау органдарының жұмысын оңтайландырып, құқықбұзушылықтарды жылдам анықтауға және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Жаңа бейнебақылау жүйесінің енгізілуі қаланың қауіпсіздігін арттыруға және азаматтардың жайлы өмір сүруіне ықпал етеді.

Өзгелердің жаңалығы