21 қазан күні сағат 20.00 шамасында Алтай ауданының өрт сөндіру бөліміне Шірікқайың ауылында шөп өртеніп жатқан туралы хабар түскен. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері шөп жиналған аумақта 100 тоннадан астам шөп үйіндісі өртеніп кеткенін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өрт 22 қазанда таңертең сағат тоғыздарда толық жойылды. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.
Бұл оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы, яғни бөтеннің мүлкін өртеу арқылы қасақана жою фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Қазір сот сараптамалары тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.