Альпі тауларының ең ірі мұздығы Мармолада 2040 жылға таман жойылып кетуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ол Италияның солтүстігінде орналасқан. Жергілікті ғалымдардың есептеуінше, кейінгі 5 жылда мұздықтың ауданы 70 гектарға кішірейген. Бұл 100 футбол алаңымен пара-пар. Мамандар оған жаһандық жылыну себеп дейді.
XIX ғасырда Мармолада 500 гектар аумақты алып жатқан екен. Сол уақыттан бері ауданы 80%-ке, ал көлемі 94%-ке азайған.