Альмира Нұрғожина: Әркім өзін ғана емес, еңбегі ерен дәрігерлерді де ойлауы керек

17 Тамыз 2020, 11:53
964
Бөлісу:
Альмира Нұрғожина: Әркім өзін ғана емес, еңбегі ерен дәрігерлерді де ойлауы керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Мәдениет қайраткері, профессор, "Ертіс концерт" КМҚК әнші-вокалисі Альмира Нұрғожина карантиндік шектеулер жеңілдетіле бастағанымен, коронавирус әлі ешқайда кетпегенін айтады. Ол қазақстандықтарды барынша сақ жүруге шақырды. 

Бүгіннен бастап елімізде карантиндік шектеулер жеңілдетіле бастады. Әрине, кәсіпорындар, түрлі ұйымдар мен дүкендер, қызмет көрсету саласы жұмыс істеуі керек. Тек санитарлық нормалардың барынша мұқият сақталғанына мән беру қажет. Себебі, коронавирус ешқайда кетпеді, әлі де ауырып жатқандар бар. Әр адам ең алдымен, өз отбасына көңіл бөліп, олардың ауырып қалмауын, өзге адамдармен байланысын шектеу жағын қадағалауы қажет. Мұны айтып отырғаным, өздеріңіз білетіндей, карантиннің шарықтау шегі кезінде елімізде індет дендеп өмірден озып кеткендер де болды, - дейді ол.

Әнші қалай дегенмен де, ел экономикасы тұрақталуы үшін кәсіпорындар жұмысының жолға қойылғаны маңызды екенін айтады. 

Күзде вирустың екінші толқыны болуы мүмкін деген болжам бар. Сол себепті, қоғам оған дайын болуы керек. Гигиена талаптарын орындап, маска тағу, дистанция сақтау деген сияқты ережелерді ұстанып, сақ болғаны жөн. Сонымен қатар, иммунитетті де көтеру жағына көңіл бөлген абзал. Біз дәрігерлерге шектен тыс жүктеме болмас үшін барынша қол ұшын беруіміз қажет.  Науқастар саны көбейген сайын дәрігерлеріміз отбасын, бала-шағасын апталап, айлап көрмей, күндіз-түні тынбай еңбек етеді. Сондықтан, әркім өзін ғана емес, еңбегі ерен дәрігерлерді де ойлауы керек, - дейді Альмира Нұрғожина.

Өзгелердің жаңалығы