Алмазбек Атамбаевтың денсаулығы нашарлап барады

1 Мамыр 2021, 00:22
3230
Бөлісу:
Алмазбек Атамбаевтың денсаулығы нашарлап барады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғыз елінің бұрынғы басшысы Алмазбек Атамбаевқа ауыр диагноз қойылды. Бұл туралы экс-президенттің адвокаты Замир Жоошев айтты.

Құқық қорғаушының айтуынша, 1 сәуір күні тексеру кезінде жүректің коронарлық ауруы, ФК 2 кернеуінің стенокардиясы, атеросклероз, коронарлық артерия кальцинозы және бірнеше диагноз қатар қойылған.

Дәрігермен жеке әңгіме барысында маған коронарлық артерия кальцификациясы науқасты инфарктқа дейінгі жағдайға алып барады, – деді Замир Жоошев.
Оның айтуынша, Атамбаевқа отыруға болмайтынын ескерткен.
14 сәуірде «Қой-Таш» оқиғалары бойынша қылмыстық істі қарайтын судья Әзірет Медеров экс-президент Алмазбек Атамбаевтың денсаулық жағдайын анықтау бойынша сот-медициналық сараптама тағайындау туралы шешім шығарды. Сараптама қорытындысының нәтижесі бойынша Атамабаевқа Қырғызстанда немесе шетелде толыққанды медициналық ем алу мүмкіндігі беріледі деп ойлаймын, – дейді құқық қорғаушы.
Айта кетейік, Алмазбек Атамбаевқа қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалған болатын. 2019 жылы 7-8 тамызда Қой-Таш ауылындағы тәртіпсіздіктер, сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген айыппен экс-президент қамауға алынған.


Өзгелердің жаңалығы