Алмазбек Атамбаев колонияға ауыстырылды

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев Мемлекеттік ҰҚК тергеу изоляторынан Бішкектегі № 47 түзеу колониясына ауыстырылды. Бұл туралы оның жұбайы Раиса Атамбаева айтты,&nbsp;деп хабарлайды&nbsp;<a href="https://24.kg/obschestvo/178726_almazbeka_atambaeva_pereveli_vik-47_chto_emu_peredali_jena_ideti/">24.kg</a>&nbsp;басылы.</h4>

4 Қаңтар 2021 2021, 17:01
АВТОР
 4 Қаңтар 2021 2021, 17:01
4 Қаңтар 2021 2021, 17:01
1968

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев Мемлекеттік ҰҚК тергеу изоляторынан Бішкектегі № 47 түзеу колониясына ауыстырылды. Бұл туралы оның жұбайы Раиса Атамбаева айтты, деп хабарлайды 24.kg басылы.

Раиса Атамбаеваның айтуынша, күйеуін Жаңа жыл қарсаңында ауыстырған.

Бұл туралы ешкім білмеді. 31 желтоқсанда маған және балаларымыз Қадыр мен Әлияға кездесуге рұқсат берді. Сол кезде біз колонияға бардық. Ол емін жалғастырып жатыр. Әрине, бұл колонияда жағдай жақсы: серуендеуге, адамдармен сөйлесуге болады. Алмазбек Атамбаевтың қан қысымы төмен және оған қатты суық тиген. Біз оған ыстық тамақ әкеліп, жылы киім бердік, - деді Раиса Атамбаева басылымға.

Айта кетейік, Алмазбек Атамбаевқа қатысты бірнеше қылмыстық із қозғалды. Оның ішінде 2019 жылы 7-8 тамызда Қой-Таш ауылында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды, жемқорлық жасады және қылмыспен келген табысты заңдастырып алды деген күдікпен ұсталды.
Наверх