Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алмазбек Атамбаев Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторынан №1 тергеу изоляторына ауыстырылды. Қырғызстанның экс-президентінің адвокаты Сергей Слесарев оның аштық жариялағанын мәлімдеді.
Саясаткерді не үшін басқа изоляторға ауыстырғаны әзірге белгісіз, мемлекеттік жазаны орындау қызметі бұл жағдайға қатысты түсініктеме берген жоқ, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
"Біз медициналық қызмет алу үшін Алмазбек Шаршенұлын № 47 колонияға ауыстыруын сұраған едік. Бірақ, оны СИЗО–1-ге, жертөленің орын-жайына ауыстырды, ол жерде бұрын өлім жазасына кесілгендерді ұстайтын. Кәріз жүйесі жұмыс істемейді, камераның есіктері ашық, жылу жақында ғана қосылды. Осыған байланысты бүгін менің қорғалушым аштық жариялады", - деді Слесарев.