Алматының жартысы электр қуатынсыз қалды

25 Қаңтар 2022, 13:21
1588
Бөлісу:
Алматының жартысы электр қуатынсыз қалды

Алматы, BAQ.KZ. Алматының бірнеше ауданында элекр қуаты өшіп қалды. Алматы қаласы Жайлы қалалық орта басқармасының баспасөз қызметі электр қуатының өшірілуі  Кегок желісі бойынша орын алғанын мәлімдеді.

Өшіру Кегок желісі бойынша орын алды. Желіде электр қуатының қысымы түсіп кетті, сол себепті Алатау Жарық компаниясында Автоматты жиілікті жоғалту жүйесі іске қосылды. Қазір электр қуатын қайта қосу жұмыстары жүріп жатыр,-делінген хабарламада.

Аталған жайтқа байланысты «Самрук-Энерго» АҚ-ы да түсініктеме берді.

Сағат 11:59-да облысты электр жүйесінің солтүстік және оңтүстік бөліктерімен байланыстыратын жоғары вольтты электр желілері апатты түрде тоқтатылуына байланысты Алматы қаласы мен Алматы электр орталығына электр беруде ақау болды. Апаттың себептері анықталуда,-делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы