Алматы, BAQ.KZ. «Алматы жылу жүйесі» компаниясы Түрксіб ауданындағы ғимараттарды бірнеше күнге ыстық судан ажырататындарын хабарлады.
2021 жылғы 12-16 шілде аралығында Түрксіб ауданы аумағында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға ыстық су берілмейді,-делінген хабарламада.
Компвния таратқан мәліметте, Хмельницкий-Куйбышев-Бакинская-Староэлеваторская, Папанин-Ереван-Стальский-Сүйінбай, Кассин-Жұмабаев-Бехтерев-Шереметьев көшелері бойындағы үйлер мен ғимараттар ыстық судан ажыратылатыны айтылған.
Қазандықтарда жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін шектеулер енгізіледі. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз,-делінген хабарламада.