Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматының таулы аймағында жарақат алған шетелдік турист эвакуацияланды

Бүгiн, 08:32
146
Бөлісу:
 ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы қаласының таулы аймағында шетелдік турист әйел жарақат алып, құтқарушылардың көмегімен эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

112 пультіне Медеу ауданына қарасты Богданович мұздығы ауданында, теңіз деңгейінен шамамен 3500 метр биіктікте туристің жарақат алғаны туралы хабарлама түскен. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 1998 жылы туған әйел басынан жарақат алып, қан кеткен. Ол өздігінен төмен түсе алмаған, - делінген ТЖМ хабарламасында.

Зардап шеккен азаматша Қытай Халық Республикасынан келген үш туристен құралған топ құрамында болған.

Құтқару жұмыстарына Алматы қаласының әмбебап құтқару бөлімшесі, Құтқару қызметі және ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының мамандары жедел түрде тартылды.

Нақты геолокация анықталғаннан кейін құтқарушылар туристерге жетіп, зардап шеккен әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетті. Кейін оны эвакуациялау туралы шешім қабылданды.

Құтқару операциясы биік таулы жерде және тәуліктің қараңғы уақытында жүргізілгендіктен күрделене түсті. Заманауи құтқару техникасы мен реанимобильдің көмегімен шетелдік азаматша Алматы қаласындағы медициналық мекемеге жеткізілді.

Өзгелердің жаңалығы