Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматының тау бөктерінде заңсыз құрылыс жүріп жатыр – депутат

Нұрқанат Атажан
13 Тамыз 2025, 15:48
684
Бөлісу:
 Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматының тау бөктеріндегі "Көк-Лай-Сай" бау-бақша қоғамында қонақүй салу жоспарына байланысты бұлаққа кіру шектелуі мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова әлеуметтік желіде айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Оның сөзінше, тоған мен бұлақтың қасында орналасқан жергілікті тұрғындар үшін маңызды су көздерінің жанындағы жер телімін сатып алған меншік иесі құрылыс жұмыстарын бастап кеткен. Мұнда қонақүй мен демалыс үйі салынып, сонымен қатар өрт сөндіруге де пайдаланылатын су қоймасы жекешелендірілмек.

Су кодексіне сәйкес, су ресурстарына барлық азаматтардың еркін қол жеткізуі тиіс. Алайда меншік иесі ортақ пайдаланудағы жолды жойып, “котлован” қазып, ортақ жерді иемденіп алған, – деді Смирнова.

Оқиға орнына әкімдік өкілдері, Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы және геодезиялық қызмет мамандары барды. Тексеру қорытындысы бойынша, жер телімі ортақ пайдаланудағы аумақтарды қамтитыны, ал тоған оған кірмейтіні анықталды.

Депутат заң бұзушыны айыппұл салуға, аумақты қалпына келтіруге және бау-бақша жерлерінде коммерциялық нысандардың құрылысын тыйым салуға шақырды.

Мұндай жер телімдері бау-бақша мен көкөніс өсіруге арналған, қонақ үйлер мен ақылы демалыс аймақтарына арналмған, – деп атап өтті ол.

Өзгелердің жаңалығы