Елімізде бүгін жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС таратқан ақпаратқа сәйкес, жер сілкінісі сағат 12:05-те болған.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан 420 шақырымда орналасқаны айтылды.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 420 шақырымда орналасқан, - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қырғызстанда бір сағатта екі жер сілкінісі тіркелгені турады жазған болатынбыз.