Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.
Сіздің (Алматы әкімі Ерболат Досаев – авт.) алдыңызда өте маңызды әрі күрделі міндеттер тұр. Алматы - біз үшін ерекше қала. Сондықтан да әлеуметтік мәселелерді шешуге ерекше көңіл аудару керек. Алматының шынайы рухын жандандыру керек. Әрине, қала тұрғындарына жақсы көңіл-күйді қайтару керек, - деді Тоқаев.
Сондай-ақ Тоқаев Алматы қаласына қатысты нақты мәселелер наурызда болатын сапары барысында талқыланатынын айтты.