Алматының шеткі аудандарында вакцинациялау қалай іске асып жатқаны айтылды

15 Сәуір 2021, 12:25
902
Бөлісу:
Алматының шеткі аудандарында вакцинациялау қалай іске асып жатқаны айтылды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Наурызбай аудан әкімінің орынбасары Мирас Нысаналиев өңірлік коммуникация қызметі алаңында өткен онлайн брифингте ауданда екпе салу жұмысы қалай жүріп жатқанын баяндады.

Оның айтуынша, ауданда 152 397 тұрғын бар, оның ішінде поликлиникаға тіркелгендер саны 122 мың. Оның ішінде вакцинацияға жататындардың саны 49 500 адам екен.

Қазір емханалармен ауруханада вакцина салуға арналған арнайы пунктер орналастырылған, яғни 4 пунктте 8 вакцина салу орны бар. Жалпы алғанда 32 бригада халыққа қызмет көрсетіп жатыр. Әр пункт күніне 150 адамға дейін адамды қабылдай алады, - деді Мирас Нысаналиев. 
Сонымен қатар ол Наурызбай ауданы қаланың шетінде орналасқандықтан тау бөктеріндегі шағын аудандарда да екпе салу орны ашылғанын жеткізді. Сондай-ақ аудандағы Таусамалы базарында вакцина салу орны ашылған.
Осы уақытқа дейін 8 560 вакцина дозасы қабылданып алынса, 6 мыңға жуық адам вакцина алған. Атап айтсақ 18-45 жас арасында 3000 тұрғын вакцина салдырған, 45-63 жас арасындағылар – 2200, қалғандары 65 жастан жоғары, - деді ол. 

Вакцинаны ең бірінші кезекте медицина қызметкерлері алған, олардың саны 1244, мұғалімдер – 775, ішкі істер және әскери қызметкерлер – 500 жуық, студенттер -150.

Өзгелердің жаңалығы