Кітап беруге арналған заманауи автоматтар тоғыз метро станциясында, сауда орталықтарында пайда болды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы қалалық өңірлік коммуникациялар қызметінде "Алматы қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің" директоры Мейрам Бектембаев мәлімдеді.
Осы автоматтардың көмегімен оқырмандар дәстүрлі кітапханаға бармай-ақ кітаптарды таңдап, ала алады. Сондай-ақ әдебиеттерді 24 автоматтың кез келгеніне немесе қалалық кітапханалар филиалына қайтара алады. Ол үшін оқырман билеті болуы керек. Егер ол болмаса, тіркеуден өтіп, "қала оқырмандары клубына қосылуға" болады. Арнайы бұл үшін аппараттардың жанында барлық тіркелгісі келген оқырмандарды тіркеп, билет бере алатын кітапхана қызметкерлері уақытша жұмыс істейтін болады, - деді Мейрам Бектембаев.
Сондай-ақ, әрбір кітап алғысы келген адам "Алматы кітапханаларының" 30 филиалының бірінен оқырман билетін ала алады, оның үшеуі тәулік бойы жұмыс істейді. Осыдан кейін кітапсүйер оқырман автоматты өз бетінше пайдалана алады немесе almatylibrary.kz сайтында өз бетінше тіркеліп, қажетті кітаптарға тапсырыс беріп немесе оларды онлайн режимінде резервке қоя алады. Кітап алушылар арасында оны қайтару мерзімі автоматты түрде есепке алу үшін қадағалау жүйесі енгізілген.