Алматының Орталық стадионы жаңарып, 32 мың орынға дейін кеңейтіледі

Бөлісу:
Алматының Орталық стадионы жаңарып, 32 мың орынға дейін кеңейтіледі
Фото: Видеодан кадр

Бұл туралы Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баспасөз конференциясында айтылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

“Алматыда өткен “Аатана” мен “Челси” матчындағы жағдайдан кейін мегаполистің халықаралық имиджі түспеді ме?” деген сауалына қала әкімі жауап берді.

Қала басшысы «Астана» мен «Челси» арасындағы матчқа 12 желтоқсанда УЕФА конференциялар Лигасы аясында 21 мыңға жуық адам қатысқанын атап өтті.

Естеріңізде болса, біз кешірім сұрадық. Матч басталған кезде стадионның шығыс секторындағы 6 қатардағы орындықтар арасында уақтылы тазалау жүргізілмеді. Орталық стадионның менеджменті тиісті жұмыстарды атқармады, сондықтан шаралар қабылданды, - деді Ерболат Досаев.

Қала әкімі ағылшын командасы мен УЕФА тарапынан сұрақтар мен шағымдар болмағанын атап өтті.

Келесі жылы біз Орталық стадионды жаңартуды бастаймыз. Орындар саны 32 мыңға дейін кеңейтілмек. Стадион барлық стандарттарға сай болады, бұл жабық алаң болады. Бүгінгі таңда тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы келісімшарттың жаңа жүйесі бойынша даму тұжырымдамасы бекітілді. Жоғары кубоктарды еуропалық және әлемдік деңгейде өткізуге болады. Сонымен қатар, мен Орталық стадионның басшылығынан сапалы жұмыс жасалуы  үшін оларға көмектесетін компанияларды қосымша жалдауды сұрадым. Ал ойынға келсек, ағылшын командасы мен УЕФА тарапынан шағым келіп түскен жоқ, - деді қала әкімі.

Өзгелердің жаңалығы