Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Наурызбай ауданының әкімі Санжар Тоғай онлайн брифингте айтты.
Оның айтуынша, алдағы уақытта аудандық әкімшілік орталық жанынан Инновациялық өнер орталығы, Таусамалы ықшам ауданында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған музыкалық мектеп, 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар ол ауданда жаңадан тағы да бірнеше емхана салынатынын айтты.
Денсаулық сақтау саласына келсем, жаңадан салынған 4 емханамен қатар, Құрамыс ықшам ауданында 500 орындық емхана, Ақжар ықшам ауданында 200 орындық жанұялық-дәрігерлік амбулаториясын салу және халық шет тұратын аймақтарды мобильді амбулатория ашу жоспарлануда. Ал, білім беру саласына келсем. Сапалы білім беру мен мектептердегі орын тапшылығын жою үшін Қалқаман ықшам ауданында 2 мектеп, Қарағайлы ықшам ауданында бір мектеп, Қалқаман, Қарағайлы, Шұғыла ықшам аудандарында 3 бала бақша құрылыстары басталмақ,-деді ол.
Ауданда қазір 2 мектептің құрылысы басталып кеткен, сондай-ақ тағы бір мектептің құрылысы бітуге жақын.
Қалқаман шағынауданындағы 1500 және 1800 орынға арналған 2 мектептің құрылысы басталды, Ақжар шағынауданындағы №186 мектепке қосымша құрылыс ғимараты аяқталуда. Қарғалы және Ақжар ықшам аудандарында 2 жекеменшіктік мектептер салынып жатыр. Ақжар және Таусамалы шағынаудандарында 120 орындық 2 балабақшаның құрылысы аяқталуға жақын. Сондай-ақ Ақжар шағын ауданында 6 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосының құрылысы жүргізілуде,-деді аудан әкімі.
Сондай-ақ аудандағы №7 ҚКА қабылдау бөлімі құрылысы жүргізіліп жатыр және 16 мекенжайда көп қабатты тұрғын үй құрылысы басталған.