Алматы, BAQ.KZ. Қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырудың бірінші кезектегі мәселелерін шешу үшін Алматы қаласы мәслихатының депутаттары мен көлік және коммуналдық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы қала аудандарындағы жол және коммуналдық инфрақұрылым объектілерінің құрылыс жұмыстарына мониторинг және сараптама жүргізуді бастады.
Жұмыс сапары барысында көлік және коммуналдық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тұрақты комиссияның Төрағасы Есенгелді Талбидинов Наурызбай ауданындағы жол және коммуналдық инфрақұрылым нысандарының құрылыс жұмыстарына мониторинг және сараптама жүргізді. Депутат Қарғалы су тарту станциясының құрылыс жұмыстарының барысы туралы айтып берді.
Бұған дейін қала әкімі бірнеше шағын ауданда инженерлік желілерді салу бойынша ауқымды жұмыстарды тапсырған болатын. Қазіргі уақытта Наурызбай ауданында сумен жабдықтау және кәріз желілерін жүргізу жұмыстары басталды. Қазір Қарғалы өзенінің бойында су жинау станциясы салынуда. Жобаны іске асырудың жалпы сомасы шамамен 6 миллиард теңгені құрады. Мәслихат шешімімен 3,8 млрд. теңге бөлінді, - деді Көлік және коммуналдық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы Есенгелді Талбидинов.
Қазіргі уақытта су қабылдайтын станция салу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде, ол жақын арада жеткізілетін су көлемін 15 мың текше метрге дейін арттырады.
Болжам бойынша 2023 жылы оңтүстік астананың 23 шағын ауданының 105 мың тұрғыны 100 пайызға ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Наурызбай ауданының 50 мың тұрғыны 2021 жылдың 25 желтоқсанына дейін таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі.