Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматының Наурызбай ауданына 220 қарағай отырғызылды

9 Қараша 2020, 11:30
2044
Бөлісу:

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы күзгі ағаш отырғызу жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады.

Кеше Жасыл экономика басқармасы Наурызбай ауданы әкімінің аппаратымен бірлесіп, Абай көшесінің солтүстігінде, әкімдік ғимаратының жанына 220 қарағай отырғызды, - делінген хабарламада.

Еске салайық, «Jasyl Almaty» бастамасы бойынша биыл оңтүстік астанада 290 мың ағаш отырғызу жоспарланған.

Сондай-ақ, қала тұрғындары өз үйлерінің алаңдары мен саябақтарға ағаш отырғызғылары келетінін айтқан. Жасыл экономика басқармасы бұл тұрғыда ағаш тағайындауға әзір екендерін жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы