Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Медеу ауданының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою үшін 3 учаске бойынша авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлінді. Бұл туралы Медеу ауданы ауданының әкімі Әсет Масабаев онлайн брифингте айтты.
Оның айтуынша, көшкін қаупі бар жағдайды нығайту және Коккинаки өткелі мен Горновосточная көшесінің тіреуіш габиондық қабырғасын орнату бойынша табиғи сипаттағы ТЖ жою-тіреуіш габиондық конструкцияны монтаждау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, анкерлі-торлы құрылымдар бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Екіншіден, Рысқұлов даңғылы учаскесіндегі су басуды жою бойынша авариялық-қалпына келтіру жұмыстар аяқталды. Жерасты өту жолы диаметрі 500 мм құбырларды төсеу және дөңгелек темірбетон құдықтарды орнату арқылы темірбетон арналардан жасалған. Сондай-ақ, Алмалық көшесі бойындағы автожолды нығайту бойынша авариялық-қалпына келтіру жұмыстары аяқталды,-деді аудан әкімі.
Анкерлік бекіткіштері бар геосетка монтаждау жолымен төбе баурайын нығайту бойынша жұмыстар жүргізілген.
Сонымен қатар, темір-бетон каналын орнату, асфальтбетон жабынын монтаждау және жолды нығайту арқылы өзен арнасын қалыптастыру сияқты жұмыстар жалғасып жатыр екен.