Алматының кей жерлерінде жүру ақылы болады

Бұл өзгерістер көлік жүргізушелері үшін 2027-ші жылдан бастап енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 BAQ.KZ  архив 27 Ақпан 2025 2025, 20:39
27 Ақпан 2025 2025, 20:39
713
Фото: архив

Бұл өзгерістер көлік жүргізушелері үшін 2027-ші жылдан бастап енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Әкім Ерболат Досаев 2025–2027 жылдарға арналған бағдарлама аясында қаладағы өнеркәсіптік шығарындыларды азайту және көлік секторын реттеу жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Осы мақсатта тұрақ бағасын көтеру және шығарындылары төмен аймақтарды (Low-emission zone) құру көзделген. 

Экологиялық стандартқа сай келмейтін көліктер үшін бұл аймақтарға кіру ақылы болады. Ал электромобильдер мен экологиялық таза көліктерге шектеу қойылмайды. 

Бұл мәселе Қоғамдық кеңес пен мәслихаттың талқылауына ұсынылады. Сонымен қатар, әкім жерасты және жерүсті жылдам қоғамдық көлігін дамыту, сондай-ақ көлік-алмастыру тораптарын салу арқылы қалалық мобильділікті жақсарту қажеттігін атап өтті.

Наверх