Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының Медеу және Жетісу ауданындағы ғимараттардың бір бөлігі ыстық судан уақытша ажыратылады. Бұл туралы «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-і хабарлады.
2022 жылғы 13 шілде күні сағат таңғы 09.00-ден кешкі 21.00-ге дейін Медеу және Жетісу ауданындағы Қонаев – Райымбек – Жангельдин – Есік – кіші Алматы өзені – Айтеке би – Қалдаяқов – Мақатаев – Уалиханов көшелерінің контурында орналасқан тұрғын үйлерге және өзге де ғимараттарда ыстық су болмайды.
Шектеулер жылу желілерінде жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізіледі. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, - делінген хабарламада.