Алматының Даңқ мемориалында мерейлі жиын өтті

Бөлісу:
Алматының Даңқ мемориалында мерейлі жиын өтті
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматы қаласында Отан қорғаушылар күніне орай мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ. тілшісі.

Аталмыш іс-шара 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағында ұйымдастырылды. Әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының өкілдерін марапаттау рәсімі өтті.

Марапаттарды қала әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев тапсырды.

Алматының Даңқ мемориалында мерейлі жиын өтті

Еліміздің тыныштығы үшін қалтықсыз қызмет ететін, жандардың еңбегі ерен. Сіздердің ерліктеріңіз, қызметтеріңіз жас буынға мәңгілік мақтаныш. Біздің әскери, тәртіп сақшылары мен арнайы қызметтердің басты миссиясы – елде бейбітшілік пен тыныштықты сақтау. Күш құрылымдары - бұл біздің шекарамыздың қауіпсіздігі. Әрі қарай да солай бола берсін. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін, - деді Арман Қырықбаев.

Даңқ мемориалына ардагерлер, бейбіт елдің тыныштығын қамтамасыз етіп, ел шебін қорғап, әскери борышын адал атқарып жүрген әскери қызметшілер, қала тұрғындары қатысты.

Алматының Даңқ мемориалында мерейлі жиын өтті

«Айбын» орденімен полполковник Данияр Маратұлы, Қорғаныс министрі орынбасарының Алғыс хатымен Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің ардагері, запастағы сержанты Ілияс Момынұлы, тәжік-ауған соғысының ардагері Ерболат Абайұлы және өзге де ұзақ жыл әскери салада еңбек еткен азаматтар марапатталды.

Сондай-ақ, қала әкімінің Алғыс хатымен қорғаныс саласында еңбек сіңірген әскерилер марапатталды.

Эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт өз жалғасын тапты. Толқын Забирова, Жәмила Серкебаева және басқа да көптеген өнер адамдары әннен шашу шашты.

Өзгелердің жаңалығы