Мегаполистегі кейбір тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарда суық су беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
“Алматы Су” компаниясының мәліметінше, Саин көшесі – Әл-Фараби даңғылы – Үлкен Алматы өзені – Рысқұлбеков көшесі аумағында су құбырларындағы технологиялық жабдықтарды ауыстыру жоспарланған.
Осыған байланысты 10 шілде күні сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін келесі орындарда суық су беру тоқтатылады:
• Орбита 1, 2, 3 ықшамаудандары;
• №4 емхана;
• №15, №39, №20, №25a, №256 балабақшалары;
• Науаи көшесіндегі №308 және №330 үйлер;
• Науаи көшесіндегі әкімшілік ғимараттар;
• Жоғарыда көрсетілген көшелер аумағындағы жеке тұрғын үйлер.
Сондай-ақ суық су "Байтал", "Қуат" (Торайғыров–Саин), "Шолпан Сити", "Төле би Тау", "Шахристан", "Сезам" және "Верный" тұрғын үй кешендерінде де болмайды.