Алматының бірнеше ауданы бір тәулікке суық сусыз қалады

Алматының бір бөлігі 26 тамыздың 00:00-ден 27 тамыздың 00:00-ге дейін суық сусыз қалады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

 pixabay.com 25 Тамыз 2025 2025, 12:10
25 Тамыз 2025 2025, 12:10
732
Фото: pixabay.com

Алматының бір бөлігі 26 тамыздың 00:00-ден 27 тамыздың 00:00-ге дейін суық сусыз қалады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

“Алматы су” мәліметінше, суық суды өшіру келесі көшелер мен даңғылдардың шекараларында жоспарланған:

• Абай – Саин – Шаляпин – Ашимов;
• Шаляпин – Саин – Жандосов – Яссауи;
• Жандосов – Үлкен Алматы өзені – Әл-Фараби – Саин;
• Жандосов – Саин – Асқаров – Қарғалы өзені;
• Дулати бойында және Хан-Тәңірі шағын ауданында.

Су құбыры желілерінде жоспарлы реконструкция шаралары аясында технологиялық жабдықтарды алмастыру жүргізіледі. Жұмыс барысында Алтынсарин – Шаляпин – Саин – Абай контурында қысымның төмендеуі күтіледі, – делінген хабарламада.

Наверх