Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері жаңа қаулы қабылдады.
Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.
2021 жылғы 26 тамызда қабылданған №27 «Білім беру мекемелеріндегі коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы» қаулыда білім беру ұйымдарына қатысты келесідей ШЕШІМ қабылданды:
- 2021-2022 оқу жылында барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында штаттық форматта оқуға рұқсат етілсін.
- педагогтер мен персоналдың 100% вакцинациялануды (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, COVID-19 ауырып сауыққан адамдарды сауыққаннан кейін 3 ай ішінде қоспағанда);
- ұйымға кіру кезінде «ASHYQ» қосымшасын енгізуді;
- маска режимін сақтауды;
- үй-жайларды жинау және дезинфекциялау жиілігін арттыруды;
- педагогтердің, персоналдың және білім алушылардың күнделікті «кіру» сүзгісі;
- бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу;
- зертханалық, практикалық сабақтарды қоспағанда, кабинеттік оқыту жүйесін болдырмау;
- оқу орны бойынша аумақтық медициналық ұйымдардың егу пункттерінде COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын (екінші компонентпен) аяқтамаған студенттерге вакцинация жүргізуді ұйымдастыруды;
Шетелдік студенттерді:
- тұрғылықты елдің уәкілетті органымен расталған COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсы болуы керек;
- ҚР Мемлекеттік шекарасынан өткеннен кейін 3 тәуліктен кешіктірмей ПТР әдісімен алынған COVID-19-ға тестілеудің теріс нәтиже бар болған жағдайда күндізгі оқу форматына жіберу.