Алматы, BAQ.KZ. Бұған дейін Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарып келген Қарлығаш Әбдіжаббарова бүгіннен бастап бас санитар дәрігері қызметіне кірісті.
Нақтылай және түсіндіре өтсем: ҚР ДСМ СЭБК бұйрықтарына сәйкес осы жылдың 5 қаңтарынан бастап мен, Қарлығаш Әбдіжаббарова - Алматы қаласы СЭБД басшысының м. а лауазымына, ал 12 қаңтарынан бастап - қаланың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері болып уақытша тағайындалдым,-деп жазды ол.
Күндіз аталған қызметке Садуақас Байғабыловтың тағайындалғаны хабарланған. Әбдіжаббарова оған қатысты да түсінік берді.
Осы жылдың 5 қаңтарынан бастап бүгінгі күнге дейін, яғни 12 қаңтарға дейін С.Н. Байғабылов Алматы қаласы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушы болды. Бүгінгі күннен бастап мен Алматы қаласы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері болып айқындалдым. Осы жылдың 5 қаңтарынан бастап Департамент басшысының міндетін атқарушы болып жүрдім,-деді ол.