Алматының Әуезов ауданында бір тәулікке бірнеше үй суық судан ажыратылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Технологиялық жабдықтарды ауыстыру үдерісінен туындаған өндірістік қажеттілікке байланысты Әуезов ауданында орналасқан бірнеше тұрғын үй бір тәулікке суық судан ажыратылады.
12 қыркүйек күні сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін Төле би көшесінің бойымен Саин көшесі мен Өтеген батыр көшелерінің аралығында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға суық су беру тоқтатылады. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз, - делінген қала әкімдігінің ақпаратында.