Алматының Әуезов ауданында 557 аула жөнделді

6 Тамыз 2021, 16:42
3957
Бөлісу:
Алматының Әуезов ауданында 557 аула жөнделді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов онлайн брифингте аулаларды абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары жайлы айтты.

Оның айтуынша, Әуезов ауданының аумағында 966 аула бар. Бүгінде олардың 557-сі жөндеуден өткен, тағы 16 аулада жөндеу жұмысы жалғасып жатыр.

№3 және 6 шағын аудандардың 73 ауласында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, 10 аулада конкурстық шаралар өткізілуде. Қалған 191 ауланың жобалық-сметалық құжаттары әзірленді, - деді Сайфеденов.

Аудан әкімі сондай-ақ жеке сектор аумағындағы учаскелердің жақсаратынын айтты. Мысалы, Алтын-Бесік шағын ауданында Әнет Баба көшесі мен Трудовая көшесі бойында балалар мен спорт алаңдары бой көтереді, аумақ абаттандырылып, буршаткалар төселеді, LED-жарықтандыру орнатылады, орындықтар мен қоқыс жәшіктері болады. Қазіргі кезде конкурстық шаралар өткізілуде, олар аяқталғаннан кейін жұмыс басталады.

Аудан әкімі 2021 жылы «Бюджетке қатысу» жобасының жүзеге асырылуы туралы да айтты. С. Сайфеденов атап өткендей, қазіргі уақытта 7 қоғамдық орынды абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде: Сайын-Жұбанов көпірінің астындағы спорт алаңдары, Ақсай-3А шағын ауданындағы жаяу жүргіншілер аймағы, №1 шағын ауданындағы №8 үйдің жанындағы бос алаң, Яссауи мен Момышұлы арасындағы Төле би көшесінің бойындағы жаяу жүргіншілер аймағы, Яссауи көшесіндегі жаяу жүргіншілер аймағы, Тастақ-1 шағын ауданындағы спорт алаңдары мен Сайын-Шаляпин аумағы.

Ауқымды абаттандыру жұмыстарына көгалдандыру мәселесі де қосылады. С. Сайфеденовтің айтуынша, биыл Әуезов ауданында 1539 ағаш көшеті, 15,8 мың бұта мен бұта-теректер өсірілді. Сондай-ақ, мекенжайда 12 мың шаршы метр гүлзарлар отырғызылды.

Әкім барлық жұмыстың аудан тұрғындары көтерген мәселелерге сараптама жасау негізінде іске асатынын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы