Алматылық құтқарушылар Алатау ауданындағы қоймалардың біріндегі өртті толық сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өрт толығымен 2300 ш.м. алаңда жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда, - деп жазды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Қабылданған шаралармен көршілес салынған шамамен 5 мың ш.м. кәсіпкерлердің мүлкі өрттен қорғалды.
Өртті жоюға ТЖМ күштер мен құралдарының жеке құрамынан 110 адам мен 23 бірлік техникасы, 1 тікұшақ жұмылдырылды.
Оқиға орнында анықтаушылар жұмыс істеуде.