Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгісіз адам Алматының 12 мектебіне жарылғыш зат қойғаны жөнінде хат таратты.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, «12 мектепке жарылғыш зат қойылды» деген хабарлама білім беру мекемесінің электрондық поштасына келген.
Белгісіз адам ақша аударуды талап еткен. Егер ақша аударылмаса, мектептерді жарып жіберетінін айтқан.
Қазіргі кезде саперлер ғимараттарды тексеріп жатыр.
Жарылғыш зат туралы хабарлама қалдырған адамның жеке басын анықтауға және оны одан әрі ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.