Биыл 100 көппәтерлі тұрғын үйдің шатыры ауысып, қасбеті жаңарады, кіреберістер мен инженерлік желілер жөнделеді, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
70 үйге жергілікті бюджет аясында жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Басқа 30 көпқабатты үй қайтарымды қаражат есебінен жөнделеді. Қаланың тұрғын үй қорын жөндеу және жаңғырту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі оператор «Алматы тұрғын үй» ЖШС.
2011-2022 жылдар аралығында компания Алматыда көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу бойынша 965 жобаны іске асырды.