Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті Қазгидрометтің № 11 дауылды ескертуі негізінде 29-31 наурыз аралығында Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде қар көшкіні болуы мүмкін екенін ескертеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Осыған байланысты құзырлы ведомство туристерге қар басқан тау беткейлеріне шығуға тыйым салады, мүмкіндік болса тауға саяхаттаудан бас тартуды сұрайды.
Егер сіз тауға барып, көмек қажет етсеңіз, 112, 109 немесе 8 (727) 372 -15-60 ( "ҚР ТЖМ Республикалық жедел құтқару жасағы " ММ кезекші-диспетчерлік бөлімшесі) қызметтеріне қоңырау шалыңыз, – делінген хабарламада.