Алматылықтарға қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

14 Маусым 2024, 00:25
510
Бөлісу:
Алматылықтарға қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
Фото: Алматы қаласы ТЖД

14 маусымда Алматыда найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, қаланың таулы аумағында қатты жауын-шашын, таңертең және күндіз қалада найзағай, бұршақ күтіледі.

Қатты жауын-шашынға байланысты таулы аймақтарда су деңгейі көтерілуі мүмкін. Қауіпті белгілерден асқан жағдайда Алматы қаласының аумағына іргелес тау бөктері мен аудандарда, су тасқыны болуы ықтимал. Найзағай кезінде жел соғып, жел екпіні секундына 15-22 метрге дейін жетеді, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Осыған орай Алматы қалалық ТЖД қала тұрғындарынан автокөліктерін ағаштардың астында қалдырмауды сұрайды.

Сонымен қатар бұршақ жауған кезде нені ескеру қажеттігі айтылды.

  • Егер бұршақ жауған кезде үйде болсаңыз , терезелерден мүмкіндігінше алыс тұрыңыз және үйден шықпаңыз.
  • Егер бұршақ жауғанда көшеде қалып қалсаңыз, онда баспана табуға тырысыңыз. Ол – үйдің карнизі, балконның асты немесе аялдама болуы мүмкін.
  • Егер жақын жерде жасырынатын дүкен немесе үй болса, тоқтап, қолайсыз ауа-райын ғимаратта күтіңіз. Басыңыз жарақаттанбау үшін , қолда бар затпен басыңызды бұршақ соққыларынан қорғаңыз.
Өзгелердің жаңалығы