Алматылықтардың денсаулығына 334 млрд теңге бөлінді

Бөлісу:
Алматылықтардың денсаулығына 334 млрд теңге бөлінді
Фото: BAQ.KZ -архив

Бұл туралы Медициналық сақтандыру қорының Алматы қалалық филиалы мәлімдеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Биыл Алматылықтардың денсаулығын сақтауға 334,2 млрд теңге бөлінді. Оның 158,5 млрд теңгесі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіне, қалған 175,7 млрд теңгесі кепілдендірілген тегін көмек пакетіне тиісілі. 

Алматы қаласы бойынша халыққа медсақтандыру және кепілдендірілген тегін көмек шеңберінде 212 медицина ұйымы көмек көрсетпек. Біз 2024 жылы халыққа көрсетілетін медициналық қызмет көлемін орналастыру және келісімшарт бекіту жұмыстарын аяқтадық. Бүгінгі таңда Қор Алматы қаласы бойынша медициналық ұйымдарға 59 млрд теңгеден астам қаражат бөлді. Аванс төлеу әлі де жүріп жатыр. Медициналық мекемелер тізімімен Қордың fms.kz сайты арқылы танысуға болады, - деп атап өтті Алматы филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев.

Өзгелердің жаңалығы