Алматылықтар ҰҚК шекара академиясынан оқтың дыбысын естіді

21 Маусым 2023, 17:53
798
Бөлісу:
Алматылықтар ҰҚК шекара академиясынан оқтың дыбысын естіді
VIDEO

Қала тұрғындары ҰҚК шекара академиясында атылған оқтың дыбысы қатты естілгенін айтып шағымданып жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі. 

Атылған оқтың дыбысы тұрғындардың зәресін қашырғаны жайлы Orda.kz сайтында жарияланған. Бейнежазбадағы әйелдің даусынан қатты қобалжығаны сезіледі. 

Адамдарды осылай қорқытуға бола ма? Бұндай дыбысты қаңтар айынан бері естімедік. Бұл дыбыс ҰҚК шекара академиясынан шығып жатыр, ол жақта бәрі дұрыс болса екен. Балаларым қатты қорқып қалды. Далаға шыққысы келмейді. Осы маңайдағы адамдардың барлығы оқтың дыбысын естіді, зәреміз қалмай қорқып отырмыз, – дейді Жанна Хабдулхабар есімді тұрғын. 

Аталған жағдайдың мән-жайын анықтау мақсатында ҰҚК шекара академиясына хабарластық. 

Біз 24 маусым күні өтетін түлектер кешіне дайындық жүргіздік. Ешқандай қару-жарақ құралдары қолданылмады. Курсанттардың қару-жарақтың барлық түрін меңгергенін, шекара ведомствосының сапында тұрған әскери және автомобильдік техниканың барлығын жүргізе алатын көрсетпекпіз. Бірақ құралдар шынайы емес, оқу-жаттығу қарулары. Сол себептен алаңдаудың қажеті жоқ. Академия тарапынан жайсыздық туындаса, тұрғындардан кешірім сұраймыз, – дейді Алматы ҰҚК шекара академиясындағылар.

Өзгелердің жаңалығы