Дүниежүзілік аспаз күні мен халықаралық алма күнін бүгін шипажай жұрты атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қос мерекені ұштастырған ұйымдастырушылар келген көпшілікке алмадан жасалған түрлі дәм ұсынып, дастархан жайды. Іс-шараға эстрада жұлдыздары да қатысып, мерекелік жиынның көркін қыздырды, деп мәлімдеді Almaty.tv.
Ұзындығы 100 метрдей штрудель әзірледік. Алма күні болғандықтан, түрлі тағам жасадық, – деді бас аспаз Алмас Осипов.
Аспаздардың алуан түрлі қиялынан туған тағамдардан бөлек, демалушыларға шығармашылық бұйым ұсынылды. Ұлттық нақыштағы киім мен киізден жасалған әртүрлі туындыны тамашалаған жұрт іс-шараның дістүрге айналғанын қалайды.
Алматының алмаларынан жасалған мәзір демалушыларға, қарапайым қонақтарға ұсынайын деп жатырмыз. Болашақта мәдени іс-шараларды жалғастырамыз, – деді сауықтыру кешенінің президенті Яков Стерликов.