Алматылық жүргізушілерге екі ай бұрын салынған айыппұлдар келіп жатыр

Бөлісу:
Алматылық жүргізушілерге екі ай бұрын салынған айыппұлдар келіп жатыр
Фото: BAQ.KZ архив

Көлік жүргізушілеріне "Сергек" камераларына қазанда тіркеген айыппұлдар келе бастаған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Аталған жағдайға қатысты Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

Жыл басынан бері автоматты тіркеу жүйесі Алматы жолдарында 3,8 миллион жол қозғалысы ережесін бұзу дерегін анықтаған. Сонымен қатар, ӘҚбК-нің нормаларына сәйкес, әкімшілік іс қозғаудың ескіру мерзімі құқық бұзушылық жасалған күннен бастап 2 ай болатынын атап өтеміз. Осылайша, егер адамға 2 ай ішінде айыппұлдың бар екендігі туралы тиісті түрде хабарланса, айыппұлды төлеу қажеттілігі туралы алынған бұйрық міндетті түрде орындалу қажет,- деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Азаматтар көрсетілген мерзім өткеннен кейін камераға түсірілген айыппұлдар туралы хабарлама келсе, олар бұйрыққа Алматы қалалық ПД-не шағымдануға құқылы.

Өзгелердің жаңалығы