Алматылық студенттердің электромобилі таныстырылды

Бөлісу:
Алматылық студенттердің электромобилі таныстырылды
Фото: автордан

Алматыда ұйымдастырылған «Digital Almaty» форумында студенттердің қолынан жасалған электромобильдер топтамасы ұсынылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Форумда Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің студенттері өз туындысын ұсынды.

Университет қабырғасында электромобиль жасаумен айналысады. Былтыр біздің команда Индонезиядағы жарысқа қатысты. Сол жарыстың айналасында электробалит жасап шығардық. Біздің мақсат барынша үнемді машинаны жасап шығару болды. Осылайша, энергияны үнемді, тиімді пайдаланатын құрылғы жасадық. Табиғаттың тазалығына септігін тигізбек. Біздің көлік еліміздегі ең үнемді көліктің бірі деп айта аламыз. Бұл 1 кВт энергияны 261 қашықтықта жүріп өтеді. Сол жетістігіміздің арқасында Индонезияда алғашқы үздік ондыққа кірдік. Соның арқасында кубок алып қайттық, - дейді 2 курс студенті Мейрам Әділ. 

Алматылық студенттердің электромобилі таныстырылды

Студенттер 60-80 км жол жүріп, шаруашылыққа көмектесетін электрмен жүретін тракторларды жасап шығарған.

Қазіргі уақытта электротрактор жасалып жатыр. Бұл - электротрактордың алғашқы бейнесі. Құрылғы 60-80 км жол жүріп өтеді. Максималды жылдамдығы сағатына 40 км, 800 кг дейін салмақты көтере алады. Бұл трактор практикалық тұрғыда өзін көрсете алды. Бүгінде ол соңғы 2 айда университетте жұмыс істеп, қар тазалап жүр, - дейді студент.

Алматылық студенттердің электромобилі таныстырылды
Өзгелердің жаңалығы