24 қыркүйекте "СОМЭ" сейсмикалық станциялар желісінің мамандары Алматыдан 357 шақырым жерде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жер асты дүмпулері 2023 жылы 24 қыркүйекте Алматы уақытымен сағат 07:15-те тіркелді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 357 шақырымда Қытай территроиясында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.7.
MPV магнитудасы - 4.2.
Тереңдігі - 15 км.
Сезілуі туралы ақпарат тіркелмеген.
Сондай-ақ, Жапонияның бас метеорологиялық басқармасы Жапонияның оңтүстік қиырындағы Окинава префектурасының Мияко аралының батысында магнитудасы 6,4 болатын жер сілкінісін тіркеген.