Басқа аймаққа 56 құтқарушы аттанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өңірлердегі су тасқыны жағдайына байланысты 56 қызметкерден құралған Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің күштері мен құралдарының жедел тобы авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін Ұлттық ұланның авиабортымен ұшып кетті.
Авиабортқа су сору құралдарын, қажетті авариялық-құтқару жабдықтарын, арнайы су өткізбейтін костюмдерді, байланыс құралдары мен жүзу құралдарын тиеу жұмыстары жүзеге асырылды.