Алматы, BAQ.KZ. Мегаполистің көптеген аудандарында азаматтар өз үйлерін жылыту үшін жылу түрлі жылыту пештерін пайдаланады.
Жеке сектордағы өрттерді және улы газбен улануды азайту мақсатында Алматы қаласы ТЖД қызметкерлері мүмкіндігінше жеке үйлердің басым санын түсіндірме жұмыстарымен қамтуға тырысып, өрт қауіпсіздігі сенбілігін өткізді. Құтқарушыларды «Қызыл Жарты Ай қоғамы» және «ҚТ көшбасшысы», «ҚазТрансАймақ», әлеуметтік әл-ауқат басқармасы, әкімдік қолдады.
Тек сенбі, жексенбі күндері ТЖД жеке құрамы 2 мыңнан астам тұрғын үйлерді аралап , өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы жадынамалар таратылды.
2021 жылдың қыркүйегінен бастап 148 мың 346 жеке тұрғын үй есепке алынды, оның ішінде әлеуметтік абаттандыру басқармасының өкілдерімен бірлесіп халықтың әлеуметтік осал топтарының 1 400-ден астам үйі тексерілді.
Бейәлеуметтік өмір салтын жүргізетін азаматтарға жататын 1 876 адамдар анықталып және Жергілікті полиция қызметінің қатысуымен бірлескен рейдтер өткізілді.
Қанағаттанарлықсыз жағдайдағы халықтың әлеуметтік осал топтарына 325 үй анықталып, оларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін аудандық әкімдіктер мен әлеуметтік әл-ауқат басқармалары хабарланды.
Сонымен қатар, 54 отбасы үшін «Көмек қолы» науқаны ұйымдастырылып, онда ТЖД қызметкерлері электр желілерін, жылыту жүйелерін, пеш конструкцияларындағы жарықтарды жөндеу, түтіндіктерді күйеден тазарту бойынша атаулы өрт-профилактикалық көмек көрсетті, онда 50-ге жуық улы газ датчиктері орнатылды (2019 жылдан бастап 1 304 үй жабдықталған). ұлы газдан қорғайтын датчиктерді орнату - халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерінде ғана жүргізілетінін атап өту қажет.
Жеке тұрғын үйлерде улы газбен улану жағдайларды болдырмау үшін, Ақматы қаласы ТЖД қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салады:
- жылыту пештерінің түтін мұржаларын, түтіндіктерін тікелей жылыту маусымының алдында, сондай-ақ барысында күйеден тазарту қажет;
- пештерде, мұржаларда және басқа да жылыту аспаптарында отынды, киім-кешекті және басқа да жанғыш заттарды кептіруге болмайды;
- газ және жылу жүйелеріне үнемі және сапалы қызмет көрсетін мамандарға жүгіну қажет ;
- өртті көріп немесе түтіннің иісі сезілсе, 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.