Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматылық донорлар өткен жылы 15 мың литрден астам қан тапсырды

22 Қаңтар 2025, 11:13
668
Бөлісу:
 Скрин
Фото: Скрин

Қан компоненттерін бір жылда 8665 пациент алған, ал трансфузиялардың жалпы саны 37347, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қалалық қан орталығының директоры Жандос Надиров атап өтті.

Бір жыл ішінде 19788 қан донациясы жүргізілді, 15659 литр донорлық қан дайындалды және 38607 доза қан компоненттері берілді. Қан компоненттерін бір жылда 8665 пациент алған, ал трансфузиялардың жалпы саны 37347. Жұмыстың маңызды бөлігі жылжымалы контейнерлермен барып қан тапсыру, олар жалпы санның 38,1%-ы. Мұндай іс-шаралар әскери бөлімдерде, жеке және мемлекеттік ұйымдарда, соның ішінде Халық лайфте, Яндексте және басқа да орындарда өткізіледі. Жылжымалы қан тапсыру сапарлары туралы БАҚ-та жарияланып, әлеуметтік желілерде белсенді түрде хабарланады. Біз донорлыққа адамдарды көптеп тартуға тырысамыз, өйткені әрбір қан тапсырушы үш адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін, - деді ҚҚО директоры.

Спикердің айтуынша, донорлардың жартысы - 18 бен 35 жас аралығындағы жастар.

 Донорлық – бұл мұқтаж адамдарға көмектесу ғана емес, сонымен қатар денсаулықты қалыпта ұстау тәсілі. Біз жылына кем дегенде бір рет қан тапсыруды ұсынамыз, - деді Жандос Надиров.

Өзгелердің жаңалығы