Алматылық альпинистер құтқарушыларды оқытып жатыр

Бүгiн, 16:12
125
Бөлісу:
Алматылық альпинистер құтқарушыларды оқытып жатыр
Фото: @almaty_akimat

5 қыркүйектен 1 қазанға дейін «Тұйық-Cу» альпинистік лагерінде Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары оқытылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы альпинизм федерациясы тәжірибелі нұсқаушыларының жетекшілігімен құтқарушыларды төтенше жағдайда жұмыс істеу дағдысына үйретіп жатыр. Жобаны Алматы қаласының Туризм басқармасы ұйымдастырған.

Бағдарлама құтқару жұмыстарын жоспарлаудан бастап тауларда алғашқы медициналық көмек көрсетуге дейінгі теория мен тәжірибе қамтылады. Іле Алатауы бағыттарындағы жаттығу құтқарушыларды нақты сын-қатерлерге дайындауға көмектеседі.

Жаттығуларға беткейлерге көтерілу және түсу, зардап шеккендерді эвакуациялау, арқан мен басқа да арнайы альпинистік құралдарды қолдана отырып құтқару жұмыстары кіреді.

Дайындықтың мақсаты – Алматы тауларында туристердің қауіпсіздігін арттыру және ТЖ-ға жедел әрекет ету.

Өзгелердің жаңалығы