Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік астананың тұрғындары қала күніне орай бес миллион теңге (шамамен 12 мың доллар) ұтып ала алады. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.
Қала күні қарсаңында аула аумағын үздік көгалдандыру байқауының басталғаны туралы хабарланды. Тұрғын үй иелері бірлестіктерінің өкілдері, сондай-ақ қала тұрғындары http://ecovid.kz сайтында өтінім бере алады. Жеңімпаз 5 млн теңге алады, - деп жазды қала басшысы twitter-дегі парақшасында.
Байқауға тұрғындар, меншік иесі ұйымдары мен пәтер иелері кооперативтері қатыса алады. Іс-шара ауланы көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына қала тұрғындарының назарын аудару мақсатында ұйымдастырылған. Сонымен қатар, ұйымдастырушылардың айтуынша, қаланың жасыл желегіне көңіл бөлу мәселелеріне де мән берілуде.
Конкурсқа өтінімдер 3-15 қыркүйек аралығында қабылданады, өтінімдерді іріктеу 15-18, конкурсты өткізу 17-19 күн аралығында болады.
Қатысуға өтінім беру үшін сайтқа кіріп жоғарғы жақтағы оң жақ бұрыштағы «қатысуға өтінім» деген батырманы басып, сауалнаманы толтырып, файлдарды қосып жіберу керек.
Конкурс туралы толығырақ мына сілтеме бойынша оқуға болады.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда қала күні қыркүйектің әр үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Биыл мереке 19 қыркүйекке келеді. Осы күні мегаполисте көрмелер, концерттер және басқа да мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралар өтеді. Алайда, өткен жылдан бастап коронавирустық пандемияға байланысты барлық іс-шаралар онлайн форматқа ауыстырылды.