Алматылықтар әлеуметтік инфрақұрылым мәселелері қалай шешіліп жатқанын айтты

6 Қараша 2020, 10:43
1301
Бөлісу:
Алматылықтар әлеуметтік инфрақұрылым мәселелері қалай шешіліп жатқанын айтты

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша бүкіл мегаполис аумағында оңтүстік астананың тұрғындары мен қонақтарының тұрмыс сапасы мен жайлылығын арттыруға бағытталған инфрақұрылымдық жобалар белсенді іске асырылуда. 2020 жылы қала бойынша 26 мың жұмыс орнын құрумен 214-ке жуық жобаны іске асыру жоспарланған.

Бұған дейін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Әуезов ауданына жасаған жұмыс сапары барысында аудан тұрғындарының өтініштері негізінде жүзеге асырылған әлеуметтік жобалармен танысты. Алматының Әуезов ауданында а.ж. әлеуметтік тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту мен аумақтарды абаттандыруға бағытталған 39 жоба жүзеге асырылуда.

Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі аудан тұрғындарымен болып жатқан оң өзгерістерге қатысты ойларын сұрастырды.

Достық шағын ауданының Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Әли Ахметов инженерлік желілерді жаңғырту және жол жағдайын жақсарту бойынша жасалған жұмыстарды атап өтті.

Біздің ауданда осының алдында кәріз жүйесі болмады, су құбырлары жұмысқа жарамсыз, кей жерлерде жарық та жоқ еді. Соңғы кездері осы бағыттарда ауқымды жұмыстар жасалуда. Ауданымызда спорт алаңдарын орнатты, енді бізде футбол, волейбол және баскетбол алаңдары бар. Бізді, осы ауданның тұрғындарын біраз уақыттан бері жолдардың сапасы алаңдатып келген, бірақ енді бұл іс те қолға алынды. Қазір жолымызды жөндеп жатыр, енді бәрі жоғары деңгейде болады деп сенеміз. Әрине, ол үшін қала әкімшілігі мен Әуезов ауданының әкімдігіне алғыс айтқымыз келеді, - деп атап өтті ол. 

Өз кезегінде, ауданның тағы бір тұрғыны Дилмұрат Мұсаев бұған дейін стадионның орны бос жатқанын, және тұрғындардың сол аумақты өз күшімен абаттандырмақ болғанын айтты. Бірақ ол үшін көп күш пен қаражат қажет болғанын айтқан ол қала әкімшілігіне алғысын білдіріп, барлық жұмыстардың тұрғындардың өтініші бойынша олардың тілектерін ескере отырып жасалғанын атап өтті. 

2020 жылы ауданымыздағы ең үлкен өзгеріс балалар стадионының ашылуы болды. Сондай-ақ, бізде балалар уақыттарын өткізе алатын, ата-аналары балаларымен бірге уақыт өткізетін орын болмады. Бұл мәселе енді ойын алаңдарының пайда болуымен шешімін тапты. Қала әкімінің тұрғындармен кездесуінде мен бұл мәселені айтып, оның шешілуіне үмітімді білдірдім. Біздің өтінішіміз назардан тыс қалмады және бірнеше айдан кейін мердігерлер келіп, сол кездегі пандемияға байланысты қиын жағдайға қарамастан бүкіл кезең бойы жұмыс істеді. Нәтижесінде біз абаттандырылған аумаққа ие болдық, оған барлық тұрғындар өте қуанышты болды, - деді Д.Мұсаев қала әкіміне, Әуезов ауданының әкіміне алғысын білдіріп.

Сондай-ақ, оның айтуынша, аудан тұрғындары аумақты сақтау үшін үлкен жауапкершілікті сезінеді және әрі қарай бұл аумақта реттілікті, тартіпті сақтағысы келеді.

Біз сенбіліктер ұйымдастыруға шығамыз, егілген кқшеттерге күтім жасаймыз және аумақтың абаттандырылуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Қала әкімшілігінің аула клубын құруға келісім беретініне сенім білдіремін. Біз, тұрғындар, стадионның қазіргі келбетін ұзақ жылдар бойы сақтағымыз келеді. Сонымен қатар, біз өз қаражатымызға қажет болған жағдайда, жөндеу жұмыстарын жүргізуге, тазалық жұмыстарын жүргізіп, аумақты қорғауға мүмкіндігіміз болса дейміз, - деп толықтырды ол.

Өз кезегінде, ауданда тұратын зейнеткер Гүлдария Қастеева ауданда аға буын үшін демалыс орындары пайда болғанын атап өтті.

Біз бұл ауданда 30 жылдан астам уақыт тұрамыз. Бұрын балалар үшін үлкен аумақ болған, бірақ уақыт өте келе ол жоқ болды. Бірақ бүгінгі таңда бізде балаларға арналған алаңдар, спорт алаңдары орнатылды, тротуарлар жөнделді, жол жиектері ауыстырылды. Бізді де ұмытқан жоқ, ауданның қарт тұрғындары қолданатын тренажерлер орнатылды. Міне қазір мен тренажерларға бару үшін шықтым. Біз, аудан тұрғындары, атқарылған жұмыстар үшін өте ризамыз, - деді қала әкімшілігіне алғысын білдірген Г.Қастеева.

Қаланы абаттандыру бойынша жұмыстар жалғасуда жәнемегаполис әкімінің ерекше бақылауына алынған.

Өзгелердің жаңалығы