Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Филология институтының Орыс тілі және әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Жанар Қиынова жалпы сомасы 54 млн теңгені құрайтын ғылыми жобаны жеңіп алды. Бұл туралы оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда, ҚызПУ ғалымы 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурста жеңімпаз атанған.
Ол ұсынған «Қашықтан оқыту форматында білім беру үдерісін ұйымдастыруда қазақстандық орыс тілі мен әдебиеті ауылдық мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсетуде цифрлық контент құру» атты жобасы республикалық конкурс талаптарына сәйкес келіп, қаржыландыруға лайық деп танылған, - делінген хабарламада.
Жоба 2020-2022 жылдары аралығында жүзеге аспақ. Жоба шеңберінде білім және ғылым саласындағы зерттеулер, жаһандық әлемдегі Қазақстанның мәдени мұрасы мен қазіргі мәдениеті басты назарға алынбақ.
Айта кетейік, Жанар Қиынова – Халықаралық «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, 100-ден астам ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектің авторы.