Алматылық дәрігер COVID-19-ға қарсы екпенің 2 дозасын алудың маңыздылығын түсіндірді

5 Тамыз 2021, 11:42
6761
Бөлісу:
Алматылық дәрігер COVID-19-ға қарсы екпенің 2 дозасын алудың маңыздылығын түсіндірді

Алматы, BAQ.KZ. Вакциналанудың баяу жүруі коронавирус жұқтырғандар санының артуына әкелуі мүмкін. Вакцинация вирус мутациясының алдын алады. Бұл туралы Алматы қаласы №8 емхананың бас дәрігері Фарида Ағыбаева мәлімдеді. 

Емхананың бас дәрігері екпе алғаннан кейін COVID-19 иммунитеті қалай дамитынын және екі компонентті алудың маңыздылығын айтты. 

Оның айтуынша, вакцинаны алғаннан кейін адам ағзасы вакцинамен танысады және иммундық жасушалардың екі түрінің жұмысын бастайды: В және Т-жасушалары. 

В-жасушалары антиденелерді белсенді түрде қалыптастырады, бірақ вакцинаның екінші дозасынсыз бұл иммуноглобулиндердің мөлшері бірнеше аптадан кейін күрт төмендейді. Т-лимфоциттер-иммундық жүйенің негізгі қаруы. Дәл осы Т-жасушалар қауіпті тауып, қоздырғышты жояды. Т-жасушаларының негізгі мәселесі – вакцинацияның бірінші кезеңінен кейін иммундық жүйе Т-лимфоциттердің өте аз мөлшерін жасайды, ал ағза вирусты қабылдауға дайын емес күйінде қалады, - деп түсіндірді Ағыбаева. 
Сондықтан иммундық реакцияның қалған бөлігін іске қосу үшін вакцинаның екінші дозасын алу қажет. 
Қазіргі кезде COVID-19 вакциналарына жүргізілген үлкен медициналық зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей, екінші доза қорғаныс дәрежесін бірнеше есе арттырады. Израиль ғалымдары коронавирустық вакцинаның екі дозасын да қабылдаған пациенттерде қарағанда 6-12 есе жоғары деген қорытындыға келді. Осылайша, біз вакцинаның екінші кезеңі сенімді қорғаныс үшін аса маңызды екенін көреміз, - деді емхананың бас дәрігері. 

Коронавирусқа қарсы вакцинаны 21 күн аралықпен екі кезеңде алу керек. Бірінші доза антиденелердің аз мөлшерін өндіруге байланысты тұрақты қорғаныс әсерін қамтамасыз етпейді. Екінші доза біріншісінің әсерін күшейтеді және бекітеді, адам ағзасындағы антиденелердің мөлшері артады. 

Алматының №8 емханасы да үш екпе бөлмесі бар әрі үш мобильді топ жұмыс істейді. Екпе салуды вакциналауға рұқсаты бар 36 медициналық қызметкерден тұратын алты бригада жүргізеді. 

Емханада егулер egov.kz порталы мен тіркелу арқылы алдын ала жазылып, сондай-ақ кезек бойынша, үзіліссіз және демалыс күндері сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін жүргізіледі, - деді Ағыбаева. 

Емхананың егу пункттерінің жалпы өткізу қабілеттілігі тәулігіне 300-400 адам. Бүгінде мұнда 26 235 адам екпе алды.

Өзгелердің жаңалығы