Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестиция басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин онлайн брифинг барысында айтты.
Оның айтуынша, Алматыда биылғы экономикалық дағдарысқа қарамастан 9 ай бойынша инвестиция саласында тұрақты өсу көрсеткіші байқалған.
Жыл басынан бері 608,2 млрд теңге инвестиция тартылған. Өсу деңгейі 12,5%. Оның негізін құрылыс саласы құраған - 271,6 млрд теңге. Ал өндірістік саладағы инвестиция – 86,8 млрд теңге. Денсаулық сақтау және әлеуметтік саладағы инвестиция 26,1 млрд теңгені құрап, 258%-ға өскен, - дейді ол.
Биыл құрылыс саласы пандемияға қарамастан өз жұмысын тоқтатпай қарқынды түрде жұмыс істеген. Сонымен қатар өндіріс саласы 9 айда 712,3 млрд теңгенің өнімін шығарған. Өсім - 3,2%. Оның ішінде фармация мен автокөлік құрау саласы қарқынды өскен.
Фармацияның көрсеткіші 158%-ға дейін ұлғайған. Сауда саласының көрсеткіші көктемнен бері төмендегенімен қазір қайта күш алып келеді, - дейді Еркебұлан Оразалин.
«Бизнесті дамыту» бағдарламасына биыл 7,89 млрд теңге қарастырылған болса, оның 6 млрд-қа жуығы нақты жобаларға бағытталып, өз иелерін тапқан. Сондай-ақ «Қарапайым экономика» бағдарламасы бойынша да Алматы қаласы ең жоғары орында екен. 65,2 млрд теңге тұратын 56 жоба қаржыландырылған.
Оқи отырыңыз: